Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі 2026 жылы 14 қазанда хабарлады. Ал қылмыстық оқиға 7 қазанда түнгі сағат 02:40 шамасында болғаны нақтыланады.
"Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыны ұстады. Ол алкогольдік масаң күйде болған Ақсай қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", делінген полиция хабарламасында.
Осы ретте полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгенің мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады. Бөтеннің мүлкін бүлдіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.
Бұған дейін Қытайдан Астанаға ұшқан елордалық ұшақта 1,5 млн теңгесін ұрлатып алғанын, күдікті ретінде шетелдік азамат ұсталғаны хабарланған.