Қытайдан Астанаға ұшқан елордалық ұшақта 1,5 млн теңгесін ұрлатып алған

Ұсталды, Астана, Қытай, Чунцин, Бейжің, ұшақ, ақша, шетелдік, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 17:15 Сурет: polisia.kz
Қытайдан Астанаға ұшып келген елордалық ұшақта қомақты ақшасын ұрлатып алған. Күдікті шетелдік азамат ұслтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Теміржан Рамазанов 2026 жылы 14 қазанда өздеріне 41 жастағы елорда тұрғыны арызданғанын жеткізді. Ол Чунцин – Бейжің – Астана бағыты бойынша транзиттік рейспен Астанаға ұшып келгеннен кейін 3600 АҚШ долларының жоғалғанын байқап, оқиғаның мән-жайын анықтауға көмек сұраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік полицейлері күдіктіні "ізін суытпай" анықтап, ұстады. Ол арызданушымен бір рейспен ұшып келген және оның артында отырған шетел азаматы болып шықты.

"Күдікті елорда қонақүйлерінің бірінде ұсталды. Тінту барысында одан түрлі валютадағы ақша қаражаты, оның ішінде ұрланған 3600 АҚШ доллары толық көлемде тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – деді Теміржан Рамазанов.

Айта кетейік, бұған дейін де көлік полицейлері осыған ұқсас құқық бұзушылық жасады деген күдікпен екі шетел азаматын анықтап, ұстаған. Қазіргі уақытта аталған іс соттың қарауында.

Бұған дейін Қазақстанда шетелдіктерге қатысты көші-қон бақылауы мен есепке алу қағидалары жаңартылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: