Арнайы экономикалық аймақтарда жер бөлу тәртібі жаңарды

Фото: primeminister.kz
Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларды бірыңғай тізілімге енгізу және оларға жер телімдерін бөлу тәртібіне өзгерістер енгізілді. деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалардан бейінді емес қызмет түрлеріне қатысты бірқатар ұғымдар мен нормалар алынып тасталды.

Құжатқа сәйкес, енді бірыңғай тізілімге тек арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) қатысушылары енгізіледі.

АЭА қатысушыларының бірыңғай тізілімін бірыңғай үйлестіру орталығы мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық форматта қалыптастырып, жүргізеді.

АЭА басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, шарттың көшірмесін бірыңғай үйлестіру орталығына жолдап, оның жасалғаны туралы ақпаратты орталықтың интернет-ресурсында орналастырады.

Ал бірыңғай үйлестіру орталығы тиісті шарттың көшірмесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізіп, тұлғаның АЭА қатысушысы ретінде тіркелгенін растайтын куәлік береді.

Бірыңғай тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:

Мәліметтер АЭА басқарушы компаниясынан тиісті хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өзектендіріледі.

АЭА басқарушы компаниясы ауысқан жағдайда, бұрынғы басқарушы компания бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мен бірыңғай үйлестіру орталығына хабарлауға тиіс.

Бірыңғай үйлестіру орталығы тізілімге мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тұлғаға және басқарушы компанияға оның АЭА қатысушысы мәртебесін алғаны туралы хабарлайды. Осы мерзімде мемлекеттік кірістер органдарына да хабарлама жіберіледі.

АЭА басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы бірыңғай үйлестіру орталығы мен мемлекеттік кірістер органдарына хабарлауға міндетті.

Сондай-ақ бірыңғай тізілімдегі ақпарат бірыңғай үйлестіру орталығының сайтында орналастырылатыны белгіленді.

Бұдан бөлек, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының қатысушылар арасында жер учаскелерін бөлу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалғаннан кейін басқарушы компания қатысушының жобасы үшін жер учаскесін резервтеуге міндетті. Резервтелген жер учаскесін қатысушының келісімінсіз басқа тұлғаларға беруге болмайды. Бұған қатысушының жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайлары кірмейді.

Резервтелетін жер учаскесінің ауданы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.

АЭА үшін белгіленген ерекшеліктер

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері басқарушы компанияға аймақтың жұмыс істеу мерзіміне жалға беріледі.

Бұдан кейін басқарушы компания оларды:

Қосалқы қызметке арналған аумақтың ауданы АЭА жалпы аумағының 20 пайызынан аспауға тиіс. Өңдеу өнеркәсібі жобалары үшін өндірістік аймақтан тыс жердегі аумақтың көлемі өндірістік алаңның 30 пайызымен шектеледі.

Индустриялық аймақтарға қатысты ерекшеліктер

Басқарушы компания жер учаскелерін қатысушыларға қызметті жүзеге асыру туралы шарттар негізінде береді. Жер учаскелерін бөлу кезінде іріктеу тәсілін қолдануға жол берілмейді.

Жеке меншіктегі жер учаскелері басқарушы компанияға уақытша пайдалануға (жалға) берілуі мүмкін. Кейін олар қатысушыларға қосалқы жалға беріледі. Мұндай шарттардың мерзімі аймақтың жұмыс істеу мерзімінен аспауға тиіс.

Жеке индустриялық аймақтағы жер учаскесінің меншік иесі басқарушы компанияның құрылтайшысы немесе аймақтың қатысушысы бола алады. Ал ерекше индустриялық аймақтарда меншік иесі нысандарды пайдалануға толық бергеннен кейін жер учаскелерін қатысушыларға сатуға құқылы.

Бұдан бөлек, өзгерістер мына құжаттарға енгізілді:

Бұйрық 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады

"Күн жауын-шашынды болады". Еліміз бойынша 20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Таразда кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалды бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

"Күн райы күрт бұзылады". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды