Алматы облысында ата-анасы бас тартқан нәрестені асырап алу жеңілдеді

Zakon.kz
Жоба арқылы Жетісу жерінде 150-ден астам бала өз отбасын тауып, мейірімге бөленді.
Алматы облысында анасы жаңа туған нәрестеден бас тартып, немесе тастап кеткен жағдайда сәбиді қамқорлыққа алу процедурасы жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұрын бала туған сәттен оның құжаттарын асыранды ата-аналарға рәсімдеу ұзақ мерзімге созылатын. Талғар ауданының прокуратурасы қолданыстағы заңнамаларды зерделеп, баланы асырап алу емес, қамқорлыққа алу арқылы қалыптасқан тәжірбиені бұзды.

Нәтижесінде Талғар ауданында екі отбасы санаулы күнде ғана жаңа туған нәрестелерді өз қамқорлығына алды. Яғни дүние есігін жаңа ашқан екі сәби перзентханадан жетімдер үйіне емес жаңа отбасыларына барды.

Бұл тәжірбие ҚР «Неке және отбасы» Кодексіне ешқандай қайшы емес. Бұл жоба Алматы облыстық прокуратурасының «Жетімдер үйінсіз Жетісу» атты ауқымды бағдарламаның аясында жергілікті биліктің қолдауымен жүзеге асты.

Жалпы осы жоба арқылы Жетісу жерінде 150-ден астам бала өз отбасын тауып, мейірімге бөленді.

Фото: inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты