Маңғыстауда туған әкесін өлтірген жігіт сотталды

Zakon.kz
Мас күйінде болған сотталушы мен оның әкесінің арасында жанжал туған.
Маңғыстауда туған әкесін өлтірген жігіт сотталды, деп жазады ҚазАқпарат, Лада.кз жазған ақпаратқа сілтеме беріп.

Шығарылған үкім туралы Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың бас маманы Айжан Сәндібаева айтып берді.

Сәндібаеваның айтуынша, қайғылы оқиға Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы отбасылардың бірінде болған.

Мас күйінде болған сотталушы мен оның әкесінің арасында жанжал туған. Ұлы әкесіне бас салған, алайда әкесі құтылып шығып, көшеге жүгірген. Жас жігіт оны қуып жетіп, жерге құлатып, тұншықтырған.

Ер адам сол жерде қаза тапқан.

«Сот айыпталушыны ҚР ҚК 99-бабы «адам өлтіру» бойынша кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді», - деді Айжан Сәндібаева.

Фото: inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді