Атырауда қоқыс арасынан кесілген бастар табылды

Zakon.kz
Сиырдың 40-қа жуық басын қалдық таститын «Арнаулы автобаза» мекемесінің жұмысшылары көріпті.
Сиырлардың барлығының тілдері кесіліп алынған. Және құлақтарында сырғалары да бар. Қанның әлі қатпағанына қарағанда, сойылғандарына да әлі көп уақыт өте қоймаған секілді. Қазіргі уақытта табылған бастардың барлығы жойылған, яғни өртелген. Ал, 30 сиырдың құлағындағы сырғалары бойынша олардың кімге тиесілі екендігі анықталып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әзірге сойылған малдардың кейбірінің иесі табылыпты. Олар сиырларын сатып жібергендерін айтқан. Дегенмен, осы дерекке қатысты тәртіп сақшылары ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Қазір Қызылқоға ауданының 3 азаматы анықталды және Құрманғазы ауданындағы 5 сиырдың иесі анықталып, бұдан бөлек сиырлардың қай жерде, қай уақытта кіммен сойылғандығын анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.

Фото: El.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз