Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған қызды зорлаған педофил бас бостандығынан айырылды

Zakon.kz
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Ә.Айдаровқа қатысты сот үкімі шықты. Ол Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша айыпталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеде сотталушы Ә.Айдаровқа қатысты қылмыстық іс жабық өтті.

Іс материалына сүйенсек, сотталушы мен жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы танысып, кездеседі. Сол пәтерде жігіт қызға күш көрсетіп, зорлайды. Сот үкімімен Ә.Айдаров 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің барынша қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтейді.

Сонымен қатар, судья Ахметқали Молдағалиев жәбірленуші тараптың өтінішін ішінара қанағаттандырып, 1 миллион теңге моральдық шығын өндіруге үкім шығарды. Сотталушы 300 мың теңгеден астам сот шығынын қоса төлейді.

Айта кетейік, сот үкімі шығарылған кезде айыпталушы тарап үкіммен келіспейтінін, сотталушы Ә.Айдаров қызды танитынын және ол өзін 18 жасқа толдым деп алдағанын алға тартты.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сәния Жұпар

Фото: Aktobenews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді