Ертіс ауданында 64 жастағы зейнеткер балық аулаймын деп көз жұмды

Zakon.kz
Павлодар облыстық ТЖД өзен жағасындағы қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін қатаң ескертеді.
Павлодар облысы Ертіс ауданында балық аулауға барған 64 жастағы зейнеткер суға батып кетіп мерт болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД басқармасының мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

- Ертіс ауданында Ынтымақ ауылынан төрт шақырым жерде 1953 жылы туған ер адам суға батып кеткен. Бірнеше сағаттан соң куәгерлер балықшының денесін өзеннен алып шықты, - дейді мамандар.

Павлодар облыстық ТЖД өзен жағасындағы қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін қатаң ескертеді.

Еске сала кетейік, өткен аптада Ертіс ауылында судан ажал құшқан 64 жастағы ер адамның денесі табылған болатын.

Абзал Қабдраш

Фото: Рavlodarnews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды