Ертіс ауданында екі апта ішінде үш балықшы суға кетті

Zakon.kz
Күні кеше дәл осы ауылдың тағы бір азаматы балық аулауға барып, суға батып кеткен.
Ертіс ауданында балық аулауға барған ер азамат суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлағандай, куәгерлер 1958 жылы туған ер азаматтың денесін сағат 12:40 шамасында тапқан.

- Ертіс ауданының Ынтымақ ауылына қарасты өзеннің өтетін бөлігінде ер адам балық аулаған. Түнгі 1:10 шамасында абайсыз суға батып кеткен, келесі күні оның денесі судан табылды, - дейді мамандар.

Еске салайық, күні кеше дәл осы ауылдың тағы бір азаматы балық аулауға барып, суға батып кеткен. 64 жастағы зейнеткердің денесін екі сағаттан соң куәгерлер судан алып шыққан.

Жалпы, Ертіс ауданында қараша айында үш балықшы қайтыс болған.

Абзал Қабдраш

Фото: Рavlodarnews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі