Ағылшынша үйрене алмаған мұғалімдер қайтадан оқиды – Сағадиев

Zakon.kz
Қазіргі тәртіп бойынша ағылшын тілі курсын оқу мерзімі – 9 ай.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепке арналған оқу бағдарламасы жаңаруына байланысты мұғалімдерді қайта дайындау ісіндегі өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Baq.kz.

Министрдің айтуынша, алыс ауылдардағы мұғалімдер аймақ орталықтарына және ірі қалаларға келіп ағылшын тілі курстарын оқитын болады. Курсқа келушілерге стипендия беріледі, тұратын жер және тамақпен қамтылады. Бұл жөнінде ол білім беру саласындағы ынтымақ жөніндегі қазақ-американ форумының дәлізінде журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Келесі жылы бағдарламаны жетілдіріп, кеңейтуді жоспарлап отырмыз, ал қазір өзгерістер мұғалімдермен талқылануда. Бұл Қазақстан үшін жаңа тәжірибе, біз курстардан өткен мұғалімдермен сөйлесіп, олардың қайта дайындауға қатысты ұсыныстарын жинап жатырмыз. Кей кісілер үшін уақыт аз болғаны түсінікті. Кім үлгермеді, ол әрі қарай оқуы керек, біз осыған жағдай жасаймыз. Расында, белгілі бір деңгейге жетпеген мұғалімдерді мектепке сабақ беруге жіберуге болмайды, бірақ уақыт бар» деді Сағадиев.

Қазіргі тәртіп бойынша ағылшын тілі курсын оқу мерзімі – 9 ай, енді оны қайта оқу мәселесі қаралып жатыр.

«Көбі меңгеріп алатанына сенімді, кейбірі меңгеріп те алды. Біразы тілді бұрыннан білетін, енді біразы өз беттерінше үйреніп жатыр» деді министр.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі