Қазақстанда 12 мың адам екпеден бас тартты

Zakon.kz
Бас тартқандардың көпшілігі 2 жасқа толмаған балалардың ата-аналары болып отыр.
Биыл Қазақстанда 12 мың адам екпе қабылдаудан бас тартты. Бұл туралы Алматыда өткен «Верить и жить» әлеуметтік медициналық форум барысында медицина мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандардың айтуынша, биыл Қазақстанда екпеден бас тартқандардың саны 30%-ға артты.

«Бас тартқандардың көпшілігі 2 жасқа толмаған балалардың ата-аналары болып отыр. Яғни, 70 пайызы балаларға қатысты болып отыр. 40 пайыз адамдар діни көзқарастарына байланысты бас тартты. Бір айта кетерлігі, дәстүрлі дін емес радикалды ағымдағы бауырларымыз осы қадамға барып отыр. Ислам, христиан, Иегова куәгерлері дінде екпеге қарсылық жоқ екенін айтады. 45 пайыз адамдар өз еріктерімен бас тартып отыр. Екпе алмаған баланың ауруы өте ауыр өтетінін, өлімге әкелетінін айтып түсіндіріп жатырмыз», - деді Індетті бақылау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева.

Мамандар екпе алмаған адамдар арасында жұқпалы аурулардың тарап кетуі ықтимал екеніне алаңдаулы.

«Қазір бізде бірақ ұлттық күнтізбе бойынша тек 21 ауруға қарсы қорғаныс бар. Біздің күнтізбе әлемдегі озық үлгі болса да бізде ротовирусқа, желшешекке, адамның папиллома вирусына қарсы екпе жоқ», - деді Әзімбаева.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды