Қостанайдағы психиатриялық аурухананың бас дәрігерін өлтіргендер сотталды

Zakon.kz
Қостанайда біраздан бері тергеу істері мен соты жүріп жатқан жантүршігерлік қылмыстық істің нүктесі қойылды. Психиатриялық аурухананың бас дәрігерін өлтіруге қатысқан дәрігер 25 жыл түрмеде отырады.
Осы жылдың ақпан айында облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны айуандықпен өлтіргендер ұсталған болатын, деп хабарлайды Егемен Қазақстан газеті.

Олардың соты аяқталып, кінәлілерге жаза қолданылды. Бұрынғы бас дәрігерді өлтіруге сұраныс беріп, ақысына 20 мың доллар уәде еткен психиатр дәрігер Зәуреш Изалдина 25 жылға бас еркінен айырылды.

Ол орта қауіпсіз колонияда отыратын болады. Оның бұрынғы пациенті Руслан Ғафаров 24,5 жылға, баскесерлер Болат Китибаев пен Виктор Кодатенко 22 және 15 жылды арқалады.

Қылмыскерлердің барлығы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен колонияларда өтейтін болады.

Нәзира Жәрімбет

Фото: egemen.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды