1 қаңтардан бастап еңбекке жарамсыздарға әлеуметтік көмек төленеді

Zakon.kz
Егер бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана болса, онда жәрдемақы төленеді.
Еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға жұмыспен қамту орталықтарынан ақшалай төлемдер беріледі. Бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова осылай мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету түрленетініне тоқталған ол: «Атаулы әлеуметтік көмектің екі түрі жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерімен іске асырылады. Біріншісі - ол еңбекке жарамды адамдары жоқ отбасыларға ақшалай көмекке қатысты. Бұл шаралар өз кезегінде ешбір талапсыз, әлеуметтік шартсыз атқарылады», - деді.

Осы орайда Светлана Жақыпова аталған көмекке қатысты мысал келтірді.

«Егер де баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана болса, онда оған аталған жәрдемақы төленеді. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері бұл әйелге әлеуметтік тіркеу картасын ашады және оның кірістерін есептеп шығарады. Содан кейін әлеуметтік көмекті тағайындап, төлейді. Яғни бұл жеңілдетілген тәртіп болып саналады әрі ол ешбір талаптарсыз төленеді», - деп түсіндірді вице-министр.

Фото: www.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда