Облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев Кентауда жұмыс сапарымен болды

Zakon.kz
Сапары барысында Төлеген Сәрсембаев Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру (ІІІ кезең) жұмыстары мен «Кентау трансформатор» зауытын аралап көрді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев Елбасының тапсырған міндеттерінің аудан, қалада жүзеге асырылуын бақылау мақсатында бекітілген облыс әкімінің кестесіне сай Кентау қаласында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ең алдымен аймақ басшысының орынбасары 15 мың тұрғыны бар Қарнақ ауылына барып, Кентау қаласы мен оның аумағындағы ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз етіп отырған №14 АГТС құрылысымен танысты. Бұдан бөлек, қаланы толықтай жылумен қамтып отырған №5 жылу орталығында болды. Онда облыс әкімінің орынбасары жылу беру қазандықтарын аралап көріп, жұмыс істеу жүйесімен танысты. Сонымен бірге, қала әкіміне жылыту маусымын өз бақылауына алуды тапсырды.

Айта кетейік, 23 қазаннан бастап барлық бюджеттік мекемелер (101 мекеме) мен жеке тұрғын үйлер (2073 үй) және көпқабатты тұрғын үйлер (326 үй) орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Сапары барысында Төлеген Сәрсембаев Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру (ІІІ кезең) жұмыстары мен «Кентау трансформатор» зауытын аралап көрді.

Фото: ontustik.gov.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті