Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Жамалов жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап жұмысымен танысты.
Бауыржан Салдарұлы ең алдымен Тастұмсық ауылындағы облыстық бюджеттен салынып жатқан фелдьшерлік акушерлік пункте болып, құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігермен кездесіп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.
Мұнан бөлек, ол Азаттық ауылындағы «Майлыкент сүт» ЖШС-нің сүт өндеу цехын аралап көрді. Жоба құны 80 млн теңге болатын серіктестікте 20 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында тәулігіне 10 мың тонна сүт өңделіп, майсыз сүттен бастап құрт, айран, май, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындалады. Еліміздің бірқатар облыстарына тарайтын цех өнімдеріне облыс әкімінің орынбасары жоғары баға берді.
Сапары барысында Б.Жамалов Майлыкент ауылдық округіндегі әлеуметтік дүкен мен аудандық ұлттық спорт түрлерінен балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінде болды.
Бүгінде еліміздің қай өңірінде болмасын, қала, аудан, облыс орталықтарында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жасайды. Спорт мектептерінің көптеген бөлімшелері ауылдарда оқушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізіп отырады. Ал, аталмыш мектептің алға қойған негізгі мақсаты - оқушылармен жаттықтыру және тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жақсы жетістіктерге жетуге тәрбиелеу. Оқушылардың денсаулықтарын нығайтып, таңдап алған спорт түрлерінен қабілеттерін шыңдай білу, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, елінің намысын қорғайтын мықты ұл-қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру спорт мектебінің міндетіне кіреді.
Фото: ontustik.gov.kz