Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы туралы кітаптар авторларымен кездесу өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазған кітаптары мен Президент туралы жазған авторлардың кітаптары кездесуге қатысушыларға ұсынылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлы даланың Ұлы перзенті» атты кітап көрмесі және Елбасы туралы жазған кітаптар авторларымен кездесу өтті. Бұл туралы zakon.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.



Шараның мақсаты – қоғамда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚР-сы мемлекетін құрудағы тарихи рөлін, тәуелсіз мемлекет құрудағы еңбегін өскелең ұрпаққа таныстыру.



Шараға жиналғандар Елбасы еңбектері және ол туралы жазылған кітаптармен арнайы ұйымдастырылған көрме арқылы танысты. Мұнда мыңға жуық зерттеулер мен фотосуреттер қойылған. Олардың кейбірінің авторлары Таразға арнайы шақырылып, Президенттің түр-тұлғасы жайында жамбылдықтарға кеңінен әңгімелеп берді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазған кітаптары мен Президент туралы жазған авторлардың кітаптары кездесуге қатысушыларға ұсынылды.

Қатысушылар:
1. Кәрім Насбекұлы Көкрекбаев – Жамбыл облысының әкімі.
2. Бүркітбай Ғелманұлы Аяған – Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
3. Қайнар Қалиақпарұлы Олжай –«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
4. Айтбай Сәулебектегі – журналист, жазушы.
5. Қанат Әуесбай– «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты.



Кездесу модераторы: Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков–М.Х.Дулати атындағыТараз мемлекеттік университетінің ректоры.

Сонымен бірге, шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, зиялы қауым, этно-мәдени орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлары мен мұғалімдері, жастар көшбасшылары шақырылды.



Басқосуда облыс басшылығы, ғалымдар мен жазушылар Елбасының Қазақстанды дамыту жолындағы ерең еңбегіне ерекше тоқталды. Авторлар өз зерттеулері барысында әңгімелескен адамдардың пікірлерін, куә болған оқиғаларын өз ауыздарымен айтып берді. Бұл шара көпшілік үшін ұлт көшбасшысы жайлы мол мағлұмат алып, Президент жұмысымен жақынырақ танысуға таптырмас мүмкіндік болды.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: