81 жастағы зейнеткерді зорлаған жас жігіт сотталды

Фото: Вaq.kz
Айыпталушы сот залында тұтқындалды.
23 жастағы жігіт төрт жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Baq.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында 81 жастағы зейнеткерге қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған жас жігіт сотталды. Сот отырысы жабық күйде өтті. Айыпталушы бұрын сотталмаған және үйленбеген. Ол 1-бөлім 120-бап (Зорлау) және 1-бөлім 121-бап (Сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасау) бойынша айыпталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Айыпталушы сот залында тұтқындалды. Себебі, сот отырысына дейін қолхатпен бостандықта жүрген. Осы уақытқа дейін бұл оқиға туралы желідегілер жарыса жазған болатын. Желі қолданушыларының ақпаратына сенсек, оқиға биыл қыркүйек айында Успенский ауданы Қозыкеткен ауылында болған.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Алиментті кім және не үшін төлеуі тиіс?

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды