Қызылордада «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты спорттық бұқаралық шара өтті

Zakon.kz
Президент күні мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған шара Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытындыланды.
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Евразия» спорт кешенінде 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты спорттық бұқаралық шара өтті.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттің өркендеуі жолындағы игі жұмыстар еліміздің тұңғыш Президентінің бастамасымен жүзеге асты. Бірінші мәрте өткізілген шара аясында 1000-ға жуық спортшы гимнастикалық жаттығулар жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлгі болды.



Шара барысында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов айтулы мерекемен құттықтады.



Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен басқарма басшысы Олжас Акимов спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер мен спортшыларды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.



Олардың ішінде қазақ күресінен 2 дүркін Әлем чемпионы Ғалымжан Абдрахманов, ауыр атлетикадан Азия ойындарының чемпионы Әсем Садықова, пауэрлифтингтен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ұлан Әнуар болды.



Сондай-ақ, облыстың жетекші спортшыларының қатарында мәнерлеп сырғанаудан қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева да айтулы шараға қатысып, мерекені ұлықтады.



Президент күні мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған шара Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытындыланды.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды