Павлодарда су айдындарында рейд жүргізіледі

Фото: Рavlodarnews.kz
Басты мақсат - су қоймаларында адамдардың қаза болуына жол бермеу.
Павлодар қаласының әкімімен қаладағы су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу (балықшылар) бойынша рейд жүргізудің кестесі бекітілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-ның бас маманы Р. Биахметованың айтуынша, апта сайын демалыс күндері төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері құтқарушылармен және ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі, қалалық әкімдік өкілдерімен бірге Усолка өзені, өзен сапаржайы аумағында рейд жүргізеді.

- Басты мақсат - су қоймаларында адамдардың қаза болуына жол бермеу, балық аулау және тұрғындардың демалуы, мұз айдындары арқылы өту кезіндегі қауіптің алдын алу. Рейд өткізу барысында балықшылармен әңгіме жүргізіліп, жадынамалар таратылды, - дейді Р. Биахметова.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда