Бүгін елімізде қар жауып, көктайғақ болады

Тengrinews.kz
Еліміздің басым бөлігінде, тұман, боран, көктайғақ, бұрқасын болмақ.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, негізінен қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран, көктайғақ, тұман, желдің екпіні кей жерлерде 18-23, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, бұрақсын — 30 м/с астам.

Павлодар, Жамбыл облыстарында тұман, көктайғақ, желдің екпіні —15-20, бұрқасын 23-28, кей жерлерде 30 м/с асады, Павлодар облысында — боран.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде боран, желдің екпіні — 15-20 м/с, Батыс Қазақстан облысында — бұрқасын — 25 м/с, кей жерлерде боран.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні — 15-20, бұрқасын — 23-28 м/с.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында тұман түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында — көктайғақ.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде боран, желдің екпіні — 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстанда боран, тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда дауыс берді

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған