Елбасының саясатына қолдау көрсету басты парыз

Жиын барысында аудан тұрғындары тарапынан міндетті медициналық сақтандыру, балаларға жәрдемақы төлеудің жаңа жүйесі сынды тақырыптар сөз болды.

2017 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Бостандық ауданының әкімі аппараты бірлесе отырып, аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Бостандық ауданының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жиынға Бостандық ауданы әкімі аппаратының, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының, Бостандық аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының, білім, денсаулық, әлеуметтік сала, ПИК (пәтер иелері коперативі) қызметкерлері мен аудан тұрғындары (720 адам ) қатысты.

Жиынды Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева алғы сөзбен ашып, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің негізгі міндеттері мен бағыттарына және Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Елнар Игіліков Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Этикалық кодекс», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдары мен ҚР 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарындағы мемлекеттік биліктің беделін нығайту, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызмет саласы мен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуде мемлекеттік тәртіпті күшейту, мемлекеттік қызметтің сапалы кадр құрамын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды ескерту мен алдын алу бағыттары жан-жақты түсіндірді.

Сонымен қатар, Қалалық студенттер емханасының бас дәрігері Жәмила Әбеуова «Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Бостандық ауданы бөлімшесінің басшысы Қымбат Рахымбаева «Зейнетақы төлеудің жаңа реформалары», Қоғамдық жоба - Общественный проект» қоғамдық ұйымның жетекшісі Александр Братенков «Сыбайлас жемқорлықпен күресудің әдемдік тәжірибелері», аудандық білім бөлімінің басшысы Қайрат Ізбасарұлы Жұманов «Білім саласындағы жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері», Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Ербол Какімсейітов «Діни ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыптарда баяндамалар жасады.
Баяндамашылардан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында дайындалған 10 минуттық бейне ролик көрсетілді.

Жиын барысында аудан тұрғындары тарапынан міндетті медициналық сақтандыру, балаларға жәрдемақы төлеудің жаңа жүйесі, зейнетақы мәселелері жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында және т.б. көптеген сұрақтарға толыққанды жауаптар алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: