Көліктің нөмірін шешіп алған полицейге 2 млн теңге айыппұл салынды

baq.kz
Бұрынғы полиция қызметкері енді өмір бойы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Астана қаласында қылмыстық іздестіру бөлімінің инспекторы пара алу мақсатында көліктің нөмірін шешіп алған. Сот оның бұл әрекетін заңсыз деп танып, үкім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астана қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Астана қаласындағы қылмыстық іздестіру бөлімінің инспекторы Ә. көліктің нөмірін шешіп алып, оны қайтару үшін ақша талап еткен. Алайда, жүргізуші ешқандай құқық бұзушылықсыз ақша талап еткен полицей туралы Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына арыз жазып, шағымданған. Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының үкімі бойынша инспектор Ә.-ға қатысты ҚР ҚК 366 бабы 2 бөлімімен қарастырылған құқық бұзушылық үшін оған 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, бұрынғы полиция қызметкері енді өмір бойы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?