25 жастағы қостанайлық жол-көлік апатынан соң қашып кеткен

ҚазАқпарат
Қостанай-Затобол тас жолында «Мерседес» маркалы автомобиль «ВАЗ-2109» көлігімен соқтығысқан.

Қостанайда «Мерседес» жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан соң қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Қостанай-Затобол тас жолында «Мерседес» маркалы автомобиль «ВАЗ-2109» көлігімен соқтығысқан. Белгілі болғандай, 25 жастағы «Мерседес» жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«ВАЗ-2109» көлігін басқарған 60 жастағы ер адам дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға түсті. «Мерседес» жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда, полицейлер оның мекенжайын анықтап, жауап алды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді