Павлодар облысында 62 жастағы қария жерлесінен 10 мың доллар мен үш жылқы бопсалаған

Рavlodarnews.kz 
Жеке тінту барысында ұсталған адам 5 000 АҚШ долларын өз еркімен бергені анықталды.

Павлодар облысында арнайы іс-шара өткізу барысында бопсалау қылмысын жасады деген күдікпен 62 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға Шарбақты ауылының тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, бөтен азамат одан үш бас жылқы және 10 мың АҚШ долларын күш көрсете қорқытып алған. - Осы арыз бойынша шұғыл тергеу және арнайы іс-шаралар басталды, - деді баспасөз қызметінде.

- Желтоқсан айының бірі күні күдіктінің талабы бойынша арызданушы оған жылқыларды берген, ал бірнеше күннен кейін талап етілген ақшалай қаражаттың жартысын, яғни 5 000 АҚШ долларын әкеп берген. Оны беру кезінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы «бопсалау» фактісі бойынша тергеу басталды. Сотпен күдіктіні қамауға рұқсат етілді.

Жеке тінту барысында ұсталған адам 5 000 АҚШ долларын өз еркімен бергені анықталды. Оның тұрғылықты жерін тексеру кезінде алдында арызданушының табалы бойынша берілген жылқылар анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы