Павлодарлық полиция үсті-басы қан болған ер адамның видеосын таратқан азаматты іздеуде

www.pavlodarnews.kz
Аталмыш видео WhatsApp желісінде тараған болатын.

Павлодарлық полиция қала дүкендерінің бірінде үсті-басы қан болған адам түсірілген видеоны әлеуметтік желіде таратқан азаматты іздеуге кірісті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аталмыш видео WhatsApp желісінде тараған болатын.

Желі пайдаланушылардың сөзіне сүйенсек, оқыс жағдай Павлодардағы сауда орталықтарының бірінде орын алған.

- Бұл фейк, - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Баян Мағзұмова. - Маған осы видео 29-желтоқсан күні келді. Ал, 31-желтоқсан күні журналистерден алғашқы сауал хат келіп түсті. Оқыс оқиға Ресейде орын алған. Қазіргі уақытта полиция жалған ақпарат таратқан адамды іздестіруде.

Думан Асқарбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз