Денсаулық сақтау министрлігі осы маусымда тұмаудан қанша адам көз жұмғаның айтты

cdn.tvc.ru
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері осы күзгі-қысқы маусымда тұмаудан қанша адам өлгенін жария етті.

2017 жылдың қазанынан бері елімізде ЖРВИ-ден бес адам көз жұмды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Оның мәліметінше, әлемде тұмаудан 500 мыңға тарта адам өлген. Қазақстанда 2012-2013 жылдары тұмаудың өзінен 69 адам, өткен жылы тоғыз адам көз жұмған. 2017 жылдың қазанынан бастап ЖРВИ бес адамның өмірін қиған.
Бас санитарлық дәрігер ата-аналарға өзін-өзі емдеу қауіпті екенін ескертіп, эпидемиялық маусым кезінде жаппай іс-шараларға қатысудан бас тартуға, сырқат балаларды балабақша мен мектепке жібермеуге шақырды.

Сонымен қатар Бекшин ақпанда тұмауға шалдығатындар саны күрт өсетінін хабарлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды