Павлодарда самауыр мен киім-кешек ұрлаған ер адам қамауға алынды

Рavlodarnews.kz
Ұрланған заттарды арзан бағаға сатып, тапқан қаржыны өз қажеттілігіне жаратқан.

Павлодарда жеке меншік үйлердің аулаларында ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол шаруашылық құрылысының бірінен ара, шарқайрақ және самауыр жымқырып кеткен. Екінші үйдің қосалқы бөлмесінен перфоратор мен арнайы киімдер, үшінші үйден шаналарды қолды қылған. Ұрланған заттарды арзан бағаға сатып, тапқан қаржыны өз қажеттілігіне жаратқан.

- Құрықталған азамат ешбір жерде жұмыс істемейді. Өткен жылдың желтоқсан айында ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Сот отырысында күдікті өзінің жасаған ісі үшін өкініп, кешіруді сұраған еді. Нәтижесінде жәбірленушілердің жүрегіне жол тауып, келісімге келген. Десе де, бұл жағдай оған сабақ болмаған тәрізді, - деді департаментте.

Аталмыш жағдайға қатысты барлық фактілер бойынша ҚР ҚҚ-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот қаулысымен күдіктіге «қамауға алу» шарасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды