Қостанайда ірі көлемде қаражат жымқырған аурухана қызметкерлері қамауға алынды

www.inform.kz
Оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды.

Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері мен есепшілері мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сүйенсек, 2013-2016 жылдар аралығында Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері К.Ержанова, бас есепші Ә.Жақантаева және есепші-кассир Л.Дабаева кассада қолма-қол ақшаның барын біліп, оны аурухана жарғысынан тыс мақсатттарға жұмсаған.

«Олар тиісті құжаттарды жасамай, заңды айналып өтіп, аса ірі мөлшердегі қаражатты өздерінің қажеттіліктеріне жұмсаған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 9 660 808 теңгені құрады. Аталған экс-қызметкерлерге қатысты ҚР ҚК 176 бабы, 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот талқылауы барысында үшеуі де тағылған айыпты жоққа шығарды», - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз хатшысы Индира Құсайынова.

Ұзынкөл аудандық сотының үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылды. Оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз