ОҚО-да қаруды ерікті түрде тапсырғандарға 18 млн теңге төленді

www.inform.kz
«Қару» жедел алдын алу іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 223 қару-жарақ тәркіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер тұрғындардан қаруларын ерікті түрде өткізуіне бағытталған жедел алдын-алу шараларын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акция барысында Ішкі істер органдарына 380 қару-жарақ пен басқа да қарулар тапсырылған. Полицейлер қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға сыйақы ретінде жалпы сомасы 18 миллион теңгедей қаржы төледі.

Бұл республика көлемінде ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Одан бөлек, Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымын анықтау және алып тастау мақсатында үлкен жұмыс жүргізуде.

Мәселен, «Қару» жедел алдын алу іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 223 қару-жарақ тәркіледі. Соңғы қорытынды бойынша тәртіп сақшыларына қылмыстың санын азайтуға қол жеткізілді. Айта кетейік, заңсыз сақталған атыс қаруды ерікті түрде тапсырған жағдайда, азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы