Теңізде жатақхана өртеніп, екі адам жапа шекті

www.inform.kz
500 шаршы метр аумақты алып жатқан жатақхана ғимараты түгі қалмай жанып кеткен.

Атырау облысы Теңіз кен орнында жатақхана өртеніп, екі адам жапа шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Жексенбі күні түстен кейін Жылыой ауданы Теңіз вахталық ауылындағы жатақханалардың бірінде өрт шықты. Ол жерден 71 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың барлығы - сонда тұрып жатқан вахталық жұмысшылар. Өкінішке қарай, екі адам жапа шегіп, ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, олар өрттен қашамыз деп екінші қабаттан секірген», - деп хабарлайды Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Әлеуметтік желіде оқиға куәгері болғандардың айтуынша, 500 шаршы метр аумақты алып жатқан жатақхана ғимараты түгі қалмай жанып кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды