Балқашта бұзақылар машиналардың баллонын жарып жүр

www.inform.kz
Машинасының жүруге жарамсыз болып қалғанын көлік иелері 21 қаңтар күні таңертең білген.

Балқаш ықшамаудандарының бірінде бірнеше ондаған автомобильдің доңғалағына белгісіз бұзақылар зиян келтірген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Баллоны тесілген машиналардың нақты санын полиция анықтап жатыр.

Машинасының жүруге жарамсыз болып қалғанын көлік иелері 21 қаңтар күні таңертең білген. Автомобильдердің кейбірінің бір немесе екі доңғалағы зақымданған, ал кейбірінің төрт баллоны да тесілген.

Көлік иелері түрлі пікірлер айтып жатыр. Біреу доңғалақ жөндеу салондарына клиент тарту мақсатында жасалған десе, енді біреулер еріккен бұзақылық әрекет деп бағалап отыр.

Полиция қылмыскерлерді іздеп жатыр. ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек