СҚО-да үш адамды үсік шалды

Atameken Business Channel
Жауапты сала мамандары жақын күндері алыс жолға шықпауды ескертеді.

Солтүстік Қазақстан облысында да күн райы күрт суытты. Мұнда да мектептерде және жоғары оқу орындарының бірінші, екінші курс студенттеріне үйден шықпауға кеңес берілді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Әрі аймақта барлық бағыттағы жол жабылған. Төтенше жағдайлар қызметі мен жол сақшылары осыған байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті. Ал бет қаратпайтын қақаған аязда үш адамды үсік шалған. Оның біреуі ауруханаға жатқызылды. Айта кету қажет, қазір аймақта сынап бағанасы -36 градусты көрсетіп тұр.

Жауапты сала мамандары жақын күндері алыс жолға шықпауды ескертеді.

Айдын Байматов, облыстық ІІД ЖПҚ басшысының орынбасары: – Дизель отынымен жүретін барлық көліктер үшін жолдар кеше кешкі сағат 21:00-де жабылды. Сәйкесінше, біздің полицейлер республикалық маңызы бар жолдарда кезекшілікке шықты. Жалпы бүгінгі күні облыста 247 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті