Валютасы декларацияланбаған қазақстандықты рейстен алып қалды

ҚазАқпарат
Ұсталушы әкімшілік жауапқа тартылды.

Қазақстандық шекарашылар шетелдік валютасы декларацияланбаған Қазақстан азаматшасын ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы» халықаралық әуежайының өткізу бекетінде шекара жасағы «Алматы - Ыстанбұл» бағытындағы рейсте 7 880 еуросы, 1000 АҚШ доллары, сондай-ақ ұлттық валютасы декларацияланбаған 49 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өзара әрекеттесу органдарының өкілдеріне ақпарат жіберілген. Ұсталушы әкімшілік жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Тибетте қатты жер сілкінісі болды