Тибетте қатты жер сілкінісі болды

Тибет, Қытай, Нагчу, жер сілкінісі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 22:41 Сурет: pixabay
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сицзан автономиялық районында Нагчу қаласының Бакэн уезінде магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері бейсенбіде Бейжің уақытымен сағат 22:33-те тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай сейсмологиялық желілер орталығына (CENC) сілтеме жасай отырып, "Синьхуа" агенттігі жер сілкінісінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте, координаттары 32,40 градус солтүстік ендікте және 93,79 градус шығыс бойлықта болғанын хабарлайды.

Жер сілкінісінен кейін Қытайдың сейсмологиялық басқармасы төтенше жағдайға ден қоюдың екінші деңгейін жариялады.

Айта кетсек, 2026 жылы 8 қазанда Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: