Тибеттегі жер сілкінісі: 16 адам қаза тауып, жүздеген үй қирады

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 10:45 Фото: Zakon.kz
Қытайдың батысындағы Тибетте магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі болды. Мемлекеттік БАҚ-тың алдын ала мәліметінше, кемінде 16 адам қаза тауып, тағы 32 адам жарақат алған. Жерасты дүмпулері салдарынан жүздеген үй қирады, деп хабарлайды Zakon.kz.

BNO News жергілікті төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап хабарлағандай, зардап шеккендердің 11-і ауыр, ал 21-і жеңіл жарақат алған. Барлығы 339 үй қираған.

Құтқарушылар үйінділер астында аман қалған адамдарды іздестіріп, зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Билік өкілдері қирау ауқымын бағалауда.

Айта кетейік, Үнді және Еуразия тектоникалық плиталарының соқтығысуына байланысты бұл өңірде сейсмикалық белсенділік жоғары. Осы геологиялық үдерістер Гималай тауларының қалыптасуына және Тибет қыратының көтерілуіне ықпал етеді.

Бұған дейін Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сицзан автономиялық ауданында, Нагчу қаласына қарасты Бакэн уезінде магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: