Тәжікстанда жер сілкінісі салдарынан 17 үй қирады

Жер сілкінісі, Тәжікстан, қирау, үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2025 13:41 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 13 сәуірде болған жер сілкінісі салдарынан Тәжікстанда 17 үй жартылай қирады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Тәжікстанның Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті зардап шеккен ғимараттардың барлығы Рашт ауданының төрт ауылында орналасқанын нақтылаған.

Адам шығыны жоқ.

Сондай-ақ, құзырлы ведомство жер сілкінісінің ошағы - Рашт ауданында бес балдық, Душанбеде үш балдық жер сілкінісі тіркелгенін де нақтылады.

Тәжікстанда 13 сәуірде таңертең болған жер сілкінісін Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше қалалар мен ауылдар тұрғындары да сезді. ҚР ТЖМ ақпараты бойынша, еліміздің аумағында жер асты дүмпулерінің тербелісі екі-үш балды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: