Қазақстанның бірден бірнеше елдімекенінде жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі, Қазақстан, Тәжікстан, 13 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2025 10:33 Сурет: Indiana university
13 сәуірде таңертең Тәжікстанда болған жер сілкінісін Қазақстанның бірнеше елдімекендерінің тұрғындары да сезді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісінің ошағы тәжік қаласы Худжандтан 170 шақырымда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше ірі қалалар мен 10-нан астам ауыл-аймақ тұрғындары екіден үш балға дейінгі жер сілкіністерін сезінді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ мәліметтер ұсынды:

  • Мырзакент - 3 балл;
  • Жетісай - 3 балл;
  • Абай  - 3 балл;
  • Сарыағаш қаласы - 3 балл;
  • Қазығұрт - 3 балл;
  • Шардара қаласы - 3 балл;
  • Леңгір қаласы - 3 балл;
  • Сайрам - 3 балл;
  • Шымкент қаласы - 3 балл;
  • Манкент  - 3 балл;
  • Аксукент - 3 балл;
  • Тұрар Рысқұлов - 3 балл;
  • Бауыржан Момышұлы - 3 балл;
  • Арыс қаласы - 3 балл;
  • Темирлановка - 3 балл;
  • Тараз қаласы - 3 балл;
  • Сарыкемер - 3 балл;
  • Асы - 3 балл;
  • Құлан - 2 балл;
  • Мерке - 2 балл;
  • Қаратау қаласы - 2 балл;
  • Шаян - 2 балл;
  • Шәуілдір - 2 балл;
  • Жанатас қаласы - 2 балл;
  • Түркістан қаласы - 2 балл;
  • Қордай - 2 балл;
  • Кентау қаласы - 2 балл;
  • Шолаққорған - 2 балл;
  • Шорнақ  - 2 балл;
  • Шу қаласы - 2 балл;
  • Төле Би - 2 балл;
  • Мойынқұм - 2 балл;
  • Жаңақорған - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.

Сондай-ақ Тәжікстанда болған жер сілкінісі толқындарын Өзбекстан мен Қырғызстанның да бірқатар елдімекендерінде сезілгені айтылады.

Бұған дейін Тәжікстанда бүгін қатты жер сілкінісі болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: