Қазақстанның екі өңірінде 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі, Абай облысы, ШҚО, Ресей, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2025 09:28 Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 15 ақпанында Ресейде жер сілкінісі тіркелді. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да 2-3 баллдық жер асты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 06:48-де болған.

"Жер сілкінісінің ошағы Ресей территориясында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 шақырым қашықтықта орналасқан", делінген хабарламада.

Тіркелген есепті жиілік (балл) :

  • Катон - Балқарағай ауылы - 3 балл;
  • Марқакөл ауылы - 3 балл;
  • Үлкен-Нарын ауылы - 3 балл;
  • Алтай қаласы (Зырян) - 3 балл;
  • Боран ауылы - 3 балл;
  • Риддер қаласы (Ленинград) - 2 балл;
  • Зайсан- 3 балл;
  • Күршім - 3 балл;
  • Самар ауылы - 3 балл;
  • Көкпекті - 2 балл;
  • Ақсуат - 2 балл;
  • Қалбатау - 2 балл;
  • Бородулиха - 2 балл;
  • Семей - 2 балл;
  • Жоламан - 2 балл;
  • Мақаншы - 2 балл;
  • Үржар - 2 балл; Аягөз қаласы - 2 балл;
  • Бесқарағай - 2 балл;
  • Қарауыл - 2 балл.

Бұған дейін бүгін, 15 ақпанда еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: