Мьянмада жаңа жер дүмпулері тіркелді

Мьянмада жаңа жер дүмпулері тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 13:01 Сурет: pixabay
2025 жылдың 13 сәуірінде Мьянмада 5,5 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV мәліметтері бойынша, АҚШ Геологиялық қызметі 13 сәуірде таңертең Мьянманың орталық бөлігіндегі Мейтила маңында жер сілкінісі болғанын мәлімдеген.

Соңғы жер сілкінісінің эпицентрі өткен айда зілзала болған Мьянманың екінші үлкен қаласы Мандалай мен бірқатар ғимараттар қираған Нейпидо қаласының арасында орналасқан.

Қирандылар мен адам шығыны жайлы ақпарат түспеген. Жұма күнгі жағдай бойынша өткен жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3649 адамға жеткен, 5018 адам зардап шеккен.

Бұған дейін Тәжікстанда магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелгендігі хабарланған болатын. Зілзала салдарынан 17 үй қираған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: