Алматы тұрғындарына 2-3 баллдық жер сілкінісі сезілді

Жер сілкінісі, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 09:21 Сурет: Zakon.kz
1 қазанда Алматыда 2-3 баллдық жер асты дүмпулері сезілді. Магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісінің ошағы Қырғызстаннан тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 1 қазанда Алматыда сағат 03-30-да минутта жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 122 шақырым қашықтықта, Қырғызстан территориясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.8.

MPV магнитудасы - 6.2.

Тереңдігі - 10 км. 

Сезілуі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда 2-3 балл.

Бұған дейін Қазақстан сейсмологтары Алматыдан 420 шақырым қашықтықтан 4,2 магнитуда болатын жер асты дүмпулерін тіркеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: