Қазақстанның оңтүстігінде тағы жер сілкінісі сезілді

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2023 09:27 Сурет: pixabay
Бұл жолы жер асты дүмпулерін Шымкент, Тараз және Түркістан облысының тұрғындары сезді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

23 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 02:07-де жер асты дүмпуі болды.


2-3 балдық дүмпуді Шымкент, Тараз, Түркістан облысының тұрғындары сезінді.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.1;
  • MPV магнитудасы - 6,5;
  • Тереңдігі - 25 шақырым;
  • МSК-64 шкаласы бойынша Шымкент, Тараз, Түркістан облысында 2-3 балдық тербеліс сезілген.

Еске салайық, бұған дейін, 21 наурызда да Шымкент және Тараз тұрғындары жердің сілкінгенін сезді. Тұрғындардың көпшілігі үйлерін тастап шыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: