Депутаттар медициналық мамандармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді

Zakon.kz
Егер медицина университетінің түлектері мамандық бойынша жұмыс істемесе, емханаға бармаса, әрбір ауылдан факультет ашса да, бәрібір ештеңе шықпайды - Г. Исимбаева.

ҚР Парламентінің Мәжілісінде денсаулық сақтауды цифрландыру мәселесі бойынша үкіметтік сағатта еліміздің медициналық мекемелерін медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Білім министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев айтып кеткендей, бұл оңай шешілетін мәселе емес.

"Мәселе оңай емес. Қазіргі кезде жұмыс тобы ірі аймақтық университеттер базасында медициналық мамандықтар, медициналық факультеттер ашу мүмкіндігін зерттеуде. Мәселе, ең алдымен, кәсіптік педагогикалық кадрлардың және тиісті инфрақұрылымның болуына байланысты. Егер біз осы мәселелерді шешсек, онда ҚР БҒМ тиісті лицензиялар беруге дайын", - деді ол.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева үкімет медициналық университетті бюджет есебінен оқыған студенттер үшін оқуды бітіргеннен кейін еңбек етуге міндеттеуден бас тартуға ниетті екенін хабарлады.

"Бұл жерде мәселе біздің аз дайындайтынымызда емес, мәселе біздің қалай дайындайтынымызда, содан кейін ол мамандар белгіленген жерге жете ме? Осы бағытта талдау жасауымыз керек, Елжан Амантайұлы. Бұл бір. Ал екіншіден, Елжан Амантайұлы, «Білім туралы» заңның мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған мамандарды үш жыл бойы еңбек етуге, жұмыспен өтеуге міндеттеу нормасы іске асуда. Дегенмен, үкімет бұл норманы жою туралы жобаны ұсынды", - деді Исимбаева.

Оның ойынша, бұлай істемеу керек.

"Мүмкін, бүгінгі талқылаудан кейін, тіпті осы бағытта Мемлекет басшысы ескерту жасаған партияның саяси кеңесінен кейін де, үкімет осы нормадан бас тартуды қайта қарап, келісімін береді. Әйтпесе біз мамандармен қамтамасыз ете алмаймыз. Біз жыл сайын грант санын көбейтеміз, енді өңірлік жоғарғы оқу орындарында факультеттер аша бастаймыз. Алайда егер медицина университетінің түлектері мамандық бойынша жұмыс істемесе, емханаға бармаса, әрбір ауылдан факультет ашса да, бәрібір ештеңе шықпайды", - деп түсіндірді Г. Исимбаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты