Баян Алагөзова: «Қазақ Аруы» биылдан бастап халықаралық байқауға айналады

Stan.kz
Кастинг 5-6 ақпан күндері 10:00-18:00 аралығында Алматы қаласында өтеді.

«Қазақ Аруы» байқауы биылдан бастап халықаралық байқауға айналады. Бұл туралы байқаудың ұйымдастырушысы Баян Алагөзова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақ аруы-2018» байқауына биыл бес мемлекет қатысады», - деп жазды Баян Мақсатқызы Инстаграмдағы парақшасында.

"Сұлу да сылқым арулар, биылдан бастап "Қазақ аруы" xалықаралық байқауға айналмақ! Түркия, Монғолия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанда іріктеу өткізіп, ақтық мәреде бақ сынайтын үміткерлерді таңдаймыз!

Қазақстан бойынша кастинг 5-6 ақпан күндері 10:00-18:00 аралығында Алматы қаласында өтеді.

Сонымен, жасыңыз 16-22, бойыңыз 170 см, салмағыңыз 53 кг дейін болса, қазақ тілін еркін меңгеріп, тариx, мәдениет, салт-дәстүрді білсеңіз, сымбаты мен сәніңіз, өнер мен дарыныңыз келіссе, қош келдіңіз!", - деп жазды продюсер.

Еске сала кетсек, былтырғы 2017 жылғы байқауда Нұргүл Асанова «Қазақ аруы» жеңімпазы атанған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды