Геннадий Головкин «Бокс аңыздары» сыйлығының лауреаты атанды

www.inform.kz
«Жыл адамы» аталымын Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) басшыларының бірі Франко Фальчинелли жеңіп алды.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA), Халықаралық бокс федерациясының (IBF) және Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин «Бокс аңыздары» сыйлығының «Жыл боксшысы» аталымында жеңімпаз болды, деп хабарлайды Қазақпарат, ТАСС жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімі Сочидегі Халықаралық бокс форумы аясында өтті. «Жыл жекпе-жегі» аталымына Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы айқас лайық деп танылды.

«Жылдың айла-тәсілі ең мықты боксшысы» аталымы венесуэлалық Хорхе Линареске бұйырды.

«Жыл адамы» аталымын Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) басшыларының бірі Франко Фальчинелли жеңіп алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды