Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті

Ол қартайған шағына дейін Түркияда тұрып келді.

Ақпанның 1-нен 2-не қараған түні “Қазақтың тұңғыш скрипкашысы” атанған Әлім Алмат 101 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Ол қартайған шағына дейін Түркияда тұрып келді.

1917 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген оның өмірі – еліміздің тарихының ең ащы, қилы-қилы кезеңдеріне сәйкес келді.

1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнерінің тұңғыщ декадасына қатысқан. Әлім Алматтың скрипкааға деген талантын Темірбек Жүргенов ашқан. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, тұтқынға түскен.

Парижде Мұстафа Шоқайдың жұбайы Мариямен араласқан. Кейін Мұстафа Шоқайдың мұрасын әйелі Мария Әлім Алматқа аманат етіп тапсырған.

Отанына оралмаса да, ол Қазақстанмен байланысын үзбеген, келіп тұрған. Қазақстандық журналиске берген бір сұхбатында 94 жаста болғанда Әлім Алмат былай деген екен:

“Мен қартайдым. Нашар естіп, көруім нашарласа да Интернет немесе теледидаар арқылы Отанымдаағы жааңаалықтардн хабардар болып отырамын Елімнің жетістігі мені қунтпай қоймайды. Қазақ болғаныма мақтанамын. 20 жылда Қазақстан жеткен жетістікке, кез келген ел жете алмайды. Оның барлығын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі өте зор. Қаазақстанды одан да жрқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін”- депті Қазақтың тұңғыш скрипкашысы.

“Осындай аты аңызға айналған қандасымызбен қоштасу рәсіміне біздің үкімет пен зиялы қоғам өкілдері ат салысуы тиіс! Атамыз туған Ақтөбе облысының әкімдігі де бұл сауапты шаруаға араласса, артық болмас еді”, – дейді белгілі журналист Әміржан Қосан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: