Оңтүстік кореялық телеарнадан Денис Тен туралы деректі фильм көрсетілді

Тoday.kz
Деректі фильм Youtube.com желісіне жарияланды.

Оңтүстік Кореяның KBS 1 телеарнасынан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы деректі фильм көрсетілді, деп хабарлайды Today.kz.

"Мұз астына жасырынған" атты деректі фильм Youtube.com желісіне жарияланды.

Деректі фильмде Денис Теннің бала кезінен кадрлар көрсетілген. Бала Денистің хорда ән шырқағаны, мұз айдынына жаңа қадам басқаны бейнеленген сирек кадрлар да жарияланды.

Денис Тен орыс және ағылшын тілдерінде өз өмірі жайлы баяндаған. Әсіресе әжесі жайлы жылы естеліктерді ерекше тебіреніспен жеткізген. Әжесінің Денистің маңдайынан сүйіп тілек айтқан сәті де деректі фильмде бар.

Айта кетейік, Денис Тен қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 3 ақпанда Оңтүстік Кореяға келді.

Барлық жаңалықтарды осы сілтемеден оқыңыздар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды