Трансгендерлер биыл қажылыққа барып, қажыларға қызмет көрсетеді

Sn.kz
Пәкістанда қазіргі таңда жарты миллиондай трансгендер бар.

Пәкістандық трансгендер балалар биыл Сауд Арабиясына қажылыққа барып, волонтер қызметін атқаратын болады. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады, деп жазады Sn.kz.

Синд Атифа провинциясындағы бойскауттар қозғалысының комиссары Амин Хұсейіннің айтуынша, жас трансгендерлерді өзге еріктілермен бірге бірдей жағдайда іріктеп алатын болады. Іріктеу барысында олар спорттық жаттығулардан сынақ тапсырып, тест сұрақтарына жауап береді. Іріктеу біткен соң тізім дін істері министрлігінің бекітуіне жіберілмек. «Бұл біздің қоғамда трансгендерлерге деген көзқарасты өзгертуі тиіс», — дейді Амин Хұсейін.

Оның айтуынша, соңғы уақытта қозғалыстың құрамыне 40 трансгендер бала қосылған екен. Бұл өз кезегінде халықаралық ұйымдардың назарын аударып, шетелден қолдау табары сөзсіз дейді ол.

Айта кетейік, Пәкістан 2009 жылдан бастап трансгендерлерді үшінші жыныс өкілдері деп мойындап, олардың төлқұжатына арнайы белгі қоя бастады. Зерттеушілердің мәліметінше, қазіргі таңда елде жарты миллиондай трансгендер бар. Оларды билік қоғаммен араластырғысы келсе де, жергілікті халық бәрібір бөліп тастап отырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді