Кезінде есірткі пайдаланғаны үшін бірнеше рет түрмеде отырып шыққан Линдси Лохан Лондондағы сән апталығына қара хиджаб киіп барды. Атақты актриса көрсетілімнен кейін жанкүйерлерімен суретке түсіп, сұлулық брендтерінен сыйлықтар алды. Ол өзінің жаңа бейнесі туралы түсініктеме беріп өтті. Бұл туралы New York Post хабарлады деп, жазады Stan.kz.
«Сән міндетті түрде жалаңаш болып киіну емес», – дейді Голливуд актрисасы.
Атышулы актрисаның сән көрсетіліміне хиждабпен келгені жұрттың бәрін таңғалдырған жоқ. Себебі Линдси 2017 жылы ислам дінін қабылдағаны туралы сұхбат берген болатын. Ол Құранды оқығанын, сондай-ақ араб тілін меңгеруге қызығушылық танытып жүргенін айтты. Сондай-ақ, Голливуд жұлдызы осы жылдың басында Инстраграм желісіндегі барлық жазбаларын өшіріп тастады.
2017 жылдың сәуір айында Лохан Таиландтың Пхукет аралындағы жағажайда мұсылмандардың суға түскенде киетін дәстүрлі киімімен жүрді. 30 жастағы актриса суға жеңі ұзын көйлек пен шалбар киіп, шашын жауып түскен. Твиттер блогері Белла Витаның айтуынша бұл суға түсуге арналған мұсылман киімі Линдси өзі құрастырған топтаманың жиынтығы екен.