Салмағы 11 кг шымкенттік қыз Астанада көз жұмды

www.flashsiberia.com
Дәрігерлер бірнеше жыл қызға нақты диагноз қоя алмаған.

Салмағы 11 кг, он жастағы Лаура Сағатова 25 ақпанда Астанада көз жұмды, деп хабарлайды sputniknews.kz, Otyrar.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

23 ақпанда кешкісін комаға түскен Лаура Сағатова елордаға ана мен бала ұлттық орталығына жеткізілген болатын.

Лаураның анасына көмектескен еріктінің айтуынша, қыздың бетін бері қаратып, жолға шыдай алатындай күйге жеткізу керек еді, өйткені емделуі үшін Оңтүстік Кореяға барғалы жатқан.

Қазір әйел адамға қызының мәйітін жеткізіп, жаназасын өткізу үшін жәрдем керек.

Ауыр науқасқа шалдыққан Лаура Сағатоваға дәрігерлер бес жыл бойы нақты диагноз қоя алмапты. Анасының айтуынша, қыздың хәлі жыл сайын нашарлап, салмағы 11 кг болып қалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды