Павлодар облысында 24 жастағы жігіт үш баланы өрттен алып шықты

www.pavlodarnews.kz
Өрт шыққан кезде балалардың әкесі жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен.

Ақсу қаласының жанындағы Беловка кентінде 24 жастағы жігіт үш баланы өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады. - № 11 өрт сөндіру бөлімінен сегіз шақырым қашықтықта Космонавтар көшесі, 22 мекенжайы бойынша орналасқан екі бөлмелі үй толығымен отқа оранған. Шлактан құйылған 70 шаршы метр үйдің төбесі толығымен опырылып түскен.

Абырой болғанда, сол жерден өтіп бара жатқан 24 жастағы ер адам дер кезінде үш баланы сыртқа алып шыққан, - дейді ведомствода.

Департамент ұсынған мәліметке сүйенсек, 2013, 2015 және 2017 жылы туған қыздар үшінші дәрежелі ысты газбен улану диагнозымен Ақсу қаласының ауруханасына жеткізілген. Тілсіз жаудың орын алғаны туралы сағат 16.38-де куәгер хабарлаған. Оқиға орнына жеке құрамнан бес адам мен екі техника шығып, сағат 21.21-де толығымен сөндірілген.

Өрт шыққан кезде балалардың әкесі жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен. Алдын ала болжам бойынша мұндай жағдайдың орын алуына балалардың тентектігі себеп болған. Үш баланы ажалдан аман алып қалған жігіт облыстық ТЖД тарапынан марапатқа ұсынылған.

Ақбота Сейсенбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті